Accessibility links

Ливияда СПИД-тен көз жұмған балалардың жанұялары 1 млн доллар өтемақы алады


ТРИПОЛИ: Ливиядағы белгілі қордың хабарлауынша, палестиналық дәрігер мен болгариялық 5 медбике “ғасыр дертін” қасақана жұқтырды деп танылған балалардың жанұялары өтемақы алуға келісті. Бүгін Ливия президенті Муамар Қаддафидің ұлы басқаратын “Қаддафи қоры” хабарлағандай, СПИД дертінен қыршын кеткен балалардың жанұялары 1 млн. доллар мөлшерінде өтемақы алатын болды. Таяуда Ливияның Жоғарғы соты палестиналық дәрігер мен болгариялық медбикелердің өлім жазасына кесілген жазасын күшінде қалдырды. Оның алдында “Қаддафи қоры” ол дәрігерлерді өлімнен құтқару туралы уәжге келгенін хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG