Accessibility links

Еуропаға Орта Азияның газын тасымалдауды көздейтін жобаның мүмкіндігі арта түсті


АНКАРА: Түркия мен Иран Түркіменстан мен Иранның табиғи газын Еуропаға тасымалдау туралы бастапқы келісімге келді. Түркияның энергетика министрі Хилми Гулердің “Анадолы” ақпарат агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, жұма күні Анкарада осындай меморандумға қол қойылды. Бұл келісім - Таяу Шығыс пен Орта Азияның табиғи газын Ресейді айналып өтіп, Түркия мен Балкан түбегі арқылы Еуроодаққа тасымалдауды көздейтін “Набукко” жобасының мүмкіндігін арттыра түседі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG