Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық реакторын жауып, экономикалық көмек ала бастады


ПХЕНЬЯН: Ресей Солтүстік Кореяның Йенбондағы ядролық реакторын тоқтатқан әрекетін “оң қадам” деп бағалады.” Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Михаил Камынин “мұндай қадам” Корея түбегін ядролық заттан босатуға мүмкіндік береді” деп атап көрсетті. Бүгін халықаралық МАГАТЭ агенттігінің инспекторлары Солтүстік Кореяның Йенбондағы ядролық реакторының жабылғанын тексеруге тиіс. Ал АҚШ-тың ресми өкілі Кристофер Хилл ядролық реактордың жабылуын Солтүстік Кореяға экономикалық және т.б. көмек көрсетудің “бірінші қадамы ғана” деп сипаттады.
XS
SM
MD
LG