Accessibility links

Израиль премьер-министрі Палестина президентімен кездеседі


Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт дүйсенбі күні Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен кездеседі. Израиль “Фатх” басқарып отырған Батыс Жағалаумен ынтымақтастығын жақсартатынын айтып отыр. Ал Газа аймағы толығымен “Хамас” тобының бақылауында қалып отыр. Ал бүгін АҚШ президенті Джордж Буш Палестина үкіметіне жаңа қолдау көрсету жөнінде сөз қозғайды деп күтілуде. Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Стэфен Хадлейдің мәлімдедуінше, бейсенбі күні Лисабон қаласында өтетін Таяу Шығыс квартетінің жиыны алдында президент Буш квартеттің жаңа өкілі бұрынғы Британия премьер-министрі Тони Блэрдің атқаратын ролін айқындайтын болады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG