Accessibility links

Беларусь елінде тыңшылық етті деген айыппен 5 адам ұсталды


Беларусь барлау қызметінің хабарлауынша, Польшаға жұмыс істеп тыңшылық әрекеттерімен айналысқан бір топ адам қамауға алынған. Беларусь КГБ басшысының орынбасары Виктор Вегуераның айтуынша, Беларусь пен Ресейдің қорғаныс жүйесіне қатысты құпия ақпараттарды сатты деген айыппен 4 Беларусь азаматы мен 1 Ресей азаматы тұтқындалған. Ұсталған 5 кісінің бәрі бұрын сарбаздар болған, деді Вегуера. Сөйтіп, Беларусь елінде мемлекеттік опасыздық жасап, тыңшылық етті деген айып бойынша тергеу ісі басталды.
XS
SM
MD
LG