Accessibility links

Болгариялық медбикелер мен палестиналық дәрігерге рақымшылық жасалауы мүмкін


ТРИПОЛИ: Бүгін Ливияның әділет мекемесінің Жоғарғы кеңесі болгариялық 5 медбике мен палестиналық дәрігерге қарсы шығарылған өлім жазасы мәселесін қарайды. Оларға 400-ден астам балаға СПИД дертін қасақана жұқтырды деген айып тағылды. Үкіметке бағынатын әлгі Кеңес Жоғарғы соттың жазасын жеңілдетіп, тіпті рақымшылық жасауға құқы бар. 11-інші шілде күні Ливияның Жоғарғы соты шетелдік дәрігерлеге шығарылған өкімді күшінде қалдырды. 8 жылдай түрмеде отырған олар айыптарын өздеріне азаптап мойындатқандарын мәлімдейді. Жақында “Қаддафи қоры” СПИД-тен қыршын кеткен балалардың туыстары және басқа да жапа шеккендердің өтемақы алуға келіскендерін хабарлды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG