Accessibility links

Пәкістанда экстремистер “Қызыл мешіттегі” бүлікті басқаны үшін ресми билікке кек қайтаруда


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның қауіпсіздік күштері іс-қимылға дайындық қалпына келтірілді. Соңғы мәлімет бойынша, Пәкістның солтүстік-батысында соңғы 2 тәуліктің ішінде 40-қа тарта адам террористік қастандықтың құрбаны болды. Шекара аумағында 14 адамға, негізінен армия өкілдеріне тасадан шабуыл жасалды. Одан бірнеше сағат өткенде Дера-Исамил Хан қаласында жанпидашыл-террорист полицияға қызметке алу орталығында өзін жарып, 26 кісі қаза тапты. Ішкі істер министрі Абтаб Ахмед Шерпао бұл қастандықтарды үкімет армиясының таяуда Исламабадтағы “Қызыл мешітті” басып алуына деген экстремистердің кек қайтаруы деп бағалады.
XS
SM
MD
LG