Accessibility links

Өзбекстанда сот төрағасы шенеуніктерді “жұмысыма араласады” деп айыптап, өз қызметінен кетті


Ташкенттегі сот төрағасы Зокир Исаев елдің жоғары лауазымды ресмилері жұмысыма араласа береді деп өз қызметінен кетті. Интернеттегі тәуелсіз вебсайтының хабарлауынша, президент Ислам Каримовқа жолдаған хатында Зокир Исаев үкіметтегі шенеуніктер өздеріне кедергі жасап тұрғандарды жою мақсатында президенттің атын пайдаланады деген. Исаев 2005 жылғы Әндіжан оқиғаларын ұйымдастырушылар деп күдіктелген адамдардың сот істеріне жетекшілік еткен.
XS
SM
MD
LG