Accessibility links

Түркімен президенті Бежинге сапарға барып, 2 жақты жобаларды жеделдетпекші


АШХАБАД: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов энергетика мәселесі бойынша келіссөз өткізу үшін бүгін Қытайға сапарға шығуға тиіс. Хабарға қарағанда, Бердімұхаммедовтің Бежинге сапары 2 жақты жобаларды, оның ішінде түркімен газын Қытайға тасымалдау жобасын жедел іске асыруды көздейді. Сапардың барысында Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниясы Түркіменстандағы газ кеніштерін игеру туралы келісімге қол қоюға тиіс.
XS
SM
MD
LG