Accessibility links

Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласы қанға боялды – кемінде 80 адам қаза тапты


КИРКУК: Бүгін Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында араға 1 минут салып 2 жанпидашыл террорист өздерін жарып, кем дегенде 80 адам қаза болды және 150-дей кісі жараланды. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, өлгендердің мәйіттері көшеде шашылып, қаншама автокөлік өртеніп, жолаушылар өздері отырып келе жатқан автобуспен бірге жанып кетті. Бомбаның бірі – Ирақ президенті Жалал Талабани мүшесі болып табылатын күрдтердің саяси партиясы кеңсесінің шатырын қиратты. Бұл қастандықтар Бағдадтан оңтүстікке қараған бетте “Әл-Қаида” содырларына қарсы АҚШ пен Ирақ әскерлерінің бірлескен шабуылы басталған тұста болды.
XS
SM
MD
LG