Accessibility links

Украинада өте улы сары фосфор сұйықтығын тиеген пойыз апатынан 6 цистерна өртенді


Дүйсенбі күні кешкісін Қазақстаннан Украина арқылы Польшаға бара жатқан улы фосфор сұйықтығын тиеген пойыз Львов қаласы маңында өртеніп, онда жарылған 6 цистернадан тараған улы химикат 90 шаршы шақырымға жеткен. Пойыз апатқа ұшырағанда, 15 цистерна аударылып, оның 6-ын өрт сөндірушілер арнайы сұйықтықпен өшірген. Мыңға жуық адам басқа жаққа көшірілді.
XS
SM
MD
LG