Accessibility links

Бүгін Иран полициясы хижаб кимеген әйелдерге қарсы шараларын күшейтіп жатыр


Иран полициясы мұсылман көйлегін кимеген әйелдерге қарсы шараларын күшейтіп жатыр. Полицияның ақпарат орталығының басшысы Мехди Ахмадидің айтуынша, полицияның кеңесіне мән бермегендер полиция бекетіне әкелініп, тәртіпке салынады. Иранда 1979 жылы енгізілген Шариғат заңдары бойынша, әйелдер шаштарын жауып, ұзын кең көйлек киіп, өз қарапайымдылықтарын сақтап жүруі керек. Заң бұзғандар айыппұл салынады немесе түрмеге жабылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG