Accessibility links

Чехияда Ташкенттің сұрауы бойынша екі өзбек босқыны қамауға алынды


Хабарларға қарағанда, Чехия Ташкенттің сұрауы бойынша екі өзбек босқынын қамауға алған. Өзбекстанның тәуелсіз вебсайтының хабарлауынша, ол екі өзбекстандық шілденің 3-күні Германия мен Чехия шекарасында ұсталған. Берлин бұл екі азаматқа 2005 жылғы Әндіжан көтерілісінен кейін босқын мәртебесін берген. Осыған орай, Германия сыртқы істер министрлігі Чех үкіметіне бұл екі азаматты мүмкіндігінше тезірек босатуға шақырған өтініш жолдаған.
XS
SM
MD
LG