Accessibility links

Мәскеу Британияның 4 Ресей дипломатын елден шығаруы екі елдің қарым-қатынасына нұқсан келтіреді деді


Бүгін Мәскеу Британияның Ресей қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері Александр Литвиненконың өліміне қатысты күдіктілерді бермегені үшін Лондондағы 4 Ресей дипломатын шығару шешіміне жауап береміз деп отыр. Ресейдің сыртқы істер министрлігінің дүйсенбі күні Британияның бұл шешімінің күрделі салдары болады деп айтқаннан соң бүгін министрлік өкілі Мәскеу бұған қатысты түстен кейін қысқа мәлімдеме жасайды деп айтты. Мәскеу өткен жылы уланып өлтірілген Литвиненко өліміне қатысы бар деп күдіктелген ресейлік кәсіпкер Александр Луговойды Лондоға бермей отыр.
XS
SM
MD
LG