Accessibility links

Беларусь КГБ басшысы қызметінен алынды


Беларусь президенті Александр Лукашенко Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінің басшысы Стсяпан Сухаренканы қызметінен босатты. Президенттің баспасөз-қызметі Сухаренканың неліктен қызметінен алынғандығын түсіндірмеді. Стсяпан Сухаренка 2005 жылдың қаңтарынан бастап КГБ басшысы болып келген. Президент Лукашенко КГБ басшылығына осыған дейін президент оққағарларының басшысы болған Юрий Жадобинді тағайындады. Жадобин енді “КГБ қызметкерлерін күшейту” жөнінде президентке тез арада ұсыныс жасауға тиіс.
XS
SM
MD
LG