Accessibility links

Мәскеу Лондонға лайықты жауап қайтармақ


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко Британияның 4 орыс дипломатын елден шығаруына байланысты ресми Мәскеу лайықты жауап қайырады деп мәлімдеді. Кеше Мәскеуде баспасөз-мәслихатын өткізген Александр Грушко Британия Ресейдің жауабы жөнінде жақын арада хабардар болады деп мәлімдеді, бірақ бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді. Мәскеу өткен жылы уланып өлтірілген бұрынғы КГБ қызметкері Александр Литвиненконың өліміне қатысы бар деп күдіктелген ресейлік кәсіпкер Андрей Луговойды Лондонға бермей отыр. Осыған байланысты Британия 4 Ресей дипломатын елден шығару жөнінде шешім шығарды.
XS
SM
MD
LG