Accessibility links

Болгария Триполиден 6 болгариялық дәрігердің Софияға көшірілуін сұрады


АҚШ пен Европа Одағы Болгарияның бұл шақыруына қосылып отыр. Ол дәрігерлер Ливияда балаларға ВИЧ инфекциясын жұқтырды деп айыпталып, оларған шығарылған өлім жазасы өмірлік түрме жазасымен ауыстырылды. Болгария сыртқы істер министрі Ивайло Калфиннің мәлімдеуінше, София Триполимен арадағы тұтқындарды айырбастау жөніндегі келісімді пайдаланып дәрігерлерді Болгарияға көшіруге әрекет жасап көреді. ВИЧ инфекциясын жұқтырған балалардың отбасылары 460 миллион доллар өтемақы алу жөнінде декларацияға қол қойған соң, дәрігерлердің өлім жазасын жою туралы шешім шығарылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG