Accessibility links

Қазақстанда парламенттік сайлау науқаны басталды


Қазақстанда тамыздың 18-де өтетін парламенттік сайлаулардың сайлау алды науқаны басталып кетті. Елдің Орталық Сайлау Комиссиясы парламенттегі 98 орын үшін бәсекелесетін 350-ден аса кандидаттан тұратын 7 саяси партияны тіркеуден өткізді. Бұл сайлауларда ең көп орынды президенттің Нұр-Отан партиясы алады деп күтіліп отыр. Маусым айында Конституцияға өзгерістер енгізілген соң, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ертерек сайлаулар өткізуге шақырған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG