Accessibility links

Британия Ресейлік кәсіпкер Б.Березовскийге жасалмақшы болған қастандыққа қатысы бар бір күдіктіні ұстағанын хабарлады


Британия полициясы Ұлыбриятанияда тұрып жатқан Ресейлік кәсіпкер Борис Березовскийге өткен айда жасалмақшы болған қастандық әрекетіне қатысы бар бір күдіктіні ұстағанын хабарлады. Полиция баспасөз-хатшысының айтуынша, әлгі кісі маусымның 21-і күні Лондонда қамауға алынған, кейінірек ол Ресейге депортацияланған. Сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путиннің сыншысы Березовский Лондонда баспасөз-мәслихатын өткізіп, маусым айында Британия полициясы ол қастандық әрекеті жөнінде ескертіп, маған елден уақытша шығып кетіңіз деп кеңес берді деді.
XS
SM
MD
LG