Accessibility links

Иран теледидарында АҚШ пен Иранның қос азаматтығына ие екі адам жайында хабар көрсетілді


Олар ел қауіпсіздігіне нұқсан келтірді деп айыпталған. Хабарда Ираннан шығарылмай жатқан екі ғалым көрсетілді. Вашингтонда орналасқан "Удроу Уилсон" зерттеу институтының маманы Хали Есфандиари Ираннан келетін белгілі сарапшылардың қатысуымен конференцияларды ұйымдастыруға жауапты болдым деп әңгімелеп берді. "Ашық қоғам" институтында істейтін Киян Таджбакхш та өз қызметі жайында айтып берді. Хабардың екінші және соңғы бөлігі бүгін кешке көрсетілмек. АҚШ сыртқы істер министрлігі олардың тезарада босатылуын талап еткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG