Accessibility links

Өзбекстан билігі “Хьюман Райтс Уотч” ұйымына аккредитация бермеді


Өзбекстан билігі адам хұқтары бойынша халықаралық “Хьюман Райтс Уотч” ұйымының өкіліне аккредитация беруден бас тартты. Яғни Михра Риттманның Өзбекстанда жұмыс істеуіне рұқсат берілмеді. Ол енді Өзбекстаннан шығып кетуге тиіс. “Хьюман Райтс Уотч” Өзбек билігін ол шешімді өзгертіп, осы ұйымның Өзбекстанда жұмыс істеуіне жол беруге шақырды. Өзбекстан үкіметі шынымен де адам хұқтары жөніндегі ұйымдарға жақсырақ жағдай жасап беруге тырысып жатқанын көрсеткісі келсе, өкіліміздің жұмыс істеуіне рұқсат беруі тиіс, деді Хьюман Райтс Уотч ұйымы.
XS
SM
MD
LG