Accessibility links

Хекматиярдың баспасөз-хатшысы атысты тоқтату жөніндегі декларация жасанды дейді


Ауған көтерілісшілерінің жетекшісі Гулбуддин Хекматиярдың баспасөз-хатшысы Харун Заргунның хабарлауынша, атысты тоқтату жөнінде Хекматияр қол қойған делінген декларация жасанды екен. “Азаттық” радиосының Ауған қызметіне белгісіз бір жерден телефон соққан Заргун “Хекматияр ешқандай бітім жөнінде жарияламады” деп мәлімдеді. Оның айтуынша, әлгі жасанды декларация Хекматиярдың Ауғанстандағы саяси абырой-беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған.
XS
SM
MD
LG