Accessibility links

Бако Сахакян Таулы-Қарабахтың жаңа президенті болуы ықтимал


Бако Сахакян Әзірбайжанның жікшілдік бағыттағы аймағы Таулы-Қарабахтың президенті болатын тәрізді. 60 пайыз дауыс саналған соң мәлім болып отырғанындай, Сахакян 87 процент дауысқа қол жеткізген. 1990-шы жалдардағы соғыстан кейін басым бөлігі этникалық армяндар болған анклавқа қатысты бақылауынан Әзірбайжан айырылған болатын. Алайда, әлемдегі ешбір мемлекет Карабахтың тәуелсіздігін мойындамаған. Ресми Баку халықаралық заңдарға қайшы келеді деп сайлауды жоққа шығарды. Карабахтың қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Сахакян Аркадий Гукасяннің орнын басады деп күтілуде. Гукасян екі рет 5-жылдық мерзімін өткізген соң биліктен кетіп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG