Accessibility links

Ауғанcтанда тәліптер жолаушылар автобусындағы 18 оңтүстік корейлікті ұрлап әкеткен


Ауған полициясының хабарлауынша, талибан жасақтары жолаушылар автобуысынан бір топ оңтүстік кореялық азаматты ұрлап әкеткен. Олар христиандық евангелие ұйымының мүшелері екені айтылуда. Ғазни провинциясындағы полиция басшысының орынбасары Мохаммад Заманның айтуынша, Қандағардан қабуылға бара жатқан үлкен жолда қарулы топ автобусты тоқтатқан. Кейін талибан өкілі өздерінің оңтүстік кореялық 18 азаматты: 15 ер және 3 әйел адамды ұстағандарын айтты. Оның сөзіне қарағанда, олар тексерілген соң, Талибан өз талаптарын жариялайтын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG