Accessibility links

ЕҚЫҰ Таулы Қарабақ республикасының тәуелсіздігін ешқашан мойындамайды


МАДРИД: Кеше Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйым Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындамайтынын және Бако Саакянның халықаралық қоғам мойындамаған осы республиканың президенті болып сайлануы “Таулы Қарабақ жанжалын шешуге ешқандай ықпал ете алмайтынын” ескертті. Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос бұл мәлімдемесін Таулы Қарабақ өлкесінде бейсенбі күні болып өткен президент сайлауына байланысты жасады. Испания – биыл аталған Еуропалық ұйымға төрағалық етеді.
XS
SM
MD
LG