Accessibility links

Сербияның Косово өлкесінің тағдырын БҰҰ-ы емес, арнаулы топ шешетін болады


НЬЮ-ЙОРК: АҚШ пен Еуропаның жетекші елдері Косово өлкесінің мәртебесі туралы мәселені БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде шешу ниеттерінен бас тартты. Кеше АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісі З.Халилзод мәлімдегендей, “Косово проблемасымен Ұлыбритания, Германия, Италия, Ресей, АҚШ және Франция өкілдерінен құрылған арнайы топ айналысатын болады”. Батыс елдері Сербия мен Косовоның өзара келіссөз өткізуіне қосымша уақыт беру қарастырылған Қарардың жобасын Қауіпсіздік Кеңесінде мақұлдауға тырысып көрді. Бірақ Косовоға тәуелсіздік беруге түбегейлі қарсы Ресей ол жобаны мақұлдамады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG