Accessibility links

Тәліптер Сеулден әскерін Ауғанстаннан 1 тәуліктің ішінде шығаруды талап етті


КАБУЛ: Бүгін Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Сонг Мин-Сун елдің әскері Ауғанстаннан осы жылдың соңында шығарылатынын мәлімдеді. Одан 1 күн бұрын тәліптер егер Сеул өзінің Ауғанстандағы 200 әскерін алып кетпесе, Оңтүстік Кореяның тұтқынға түскен 18 азаматын өлтіретіндерін ескертті. Ол әскерді шығару жыл соңына жоспарланып отыр. Тәліптер Оңтүстік Корея азаматтарын автобусқа отырып келе жатқан кезінде бейсенбі күні тұтқынға түсірді. Олар христиандардың евангелистер ұйымының мүшелері көрінеді.
XS
SM
MD
LG