Accessibility links

Г.Поттердің бастан кешкен хикаялары туралы соңғы 7-нші кітап саудаға түсті


ЛОНДОН: Гарри Поттердің жанкүйерлері сиқыршы баланың бастан кешкен хикаялары туралы ең соңғы – жетінші кітапты оқи алатын болды. “Гарри Поттер және қатерлі күштер” атты романды сатып алатындар үшін Ұлыбританияның кітап дүкендері бүгін түн ортасы өтісімен ашылды. Аталған кітап бір мезгілде дүниежүзінінің талай елінде саудаға түсті. Романның алғашқы 6 кітабы әлемнің 64 тілінде 325 млн. данамен сатылды. Сондай-ақ бүгін түнде Лондондағы табиғат тарихы мұражайында романның үзіндісін оның авторы Джоан Роулингтің өзі оқып берді.
XS
SM
MD
LG