Accessibility links

Іздеудегі Р. Караджичтің інісінің үйіне полиция тінту жүргізді


Радован Караджичтің бауыры өзінің Монтенегродағы үйін полиция соғыс қылмыстары үшін іздеуде жүрген бұрынғы босниялық серб жетекшісі туралы ақпарат іздеп тінтігенін айтып отыр. Лука Караджич жергілікті ақпарат құралдарына айтқанында, үйін тексеруге келген полиция өкілдері ақпарат іздеп компьютердің дискісі мен басқа да заттарды алып кеткен. Полиция өкілі болса, ондай іздеу шаралары болғанын әзірге растамай, ол туралы мүмкін кейінірек айтылатын шығар деді. Радован Караджич Босниядағы 1992-1995 жылдардағы соғыста адамзатқа жасаған қылмысы мен геноцид үшін айыпталып отыр.
XS
SM
MD
LG