Accessibility links

Ирақ парламенті жазғы демалысын үзіп, маңызды заң жобасын қабылдауға тиіс


БАҒДАД: Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Mәлики маңызды заң жобасын қабылдау шін елдің парламентін жазғы демалысын үзуге немесе қысқартуға шақырады. Әл-Мәлики парламент өзінің тамыз айындағы демалысын үзеді немесе оны 2 аптаға дейін қысқартады деп үміттенетінін мәлімдеді. Ирақ премьер-министрі парламенттің мұнайдан түскен табысты шийттер мен сүнниттердің және күрдтердің арасында тең бөліп беру сынды маңызды заң жобасын қараудан бас тартуы проблемасын талқылау үшін сенбі күні АҚШ-тың Бағдадтағы елшісі Райан Крокермен кездесті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG