Ауған үкіметі кепілдіктегі кореялықтарды азат ету мақсатында тайпалық қариялардың көмектесуін сұрау үшін бір топ өкілін жіберді. Бұл туралы Ғазни өлкесінің әкімі Миражудддин Паттан хабарлады. Ал Ауған армиясы мен коалициялық күштер бейсенбі күні ұрланған 23 Оңтүстік Корея азаматын құтқару мақсатында операция жүргізуге дайын тұр. Талибан қозғалысы егер Сеул Ауғанстаннан өз әскерін шығармаса, тұтқында отырған кореялықтарды өлтіре бастаймыз деп ескертті. Бүгін Ауғанстанға Оңтүстік Кореяның жоғары дәрежелі делегациясы келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?