Accessibility links

Германия Ауғанстаннан өз әскерін шығармайды


КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Вардак өлкесінде кісі ұрлаушылар алып кеткен неміс азаматының мәйіті табылды. Ол жүрегі қысылып қайтыс болды деген болжам бар. Өткен сәрсенбі күні тәліптер 2 неміс азаматы мен 3 ауғандықты тұтқындап алып кетті. Жексенбі күні Германия канцлері А.Меркель тәліптердің тұтқынында қалған 2-нші немістің тағдыры туралы анық деректің жоқтығын және Ауғанстаннан неміс әскерін шығару туралы тәліптердің шартын Германияның орындамайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG