Accessibility links

Ауған армиясы мен НАТО әскері 23 кәрісті тәліптердің тұтқынынан босатуға әзір тұр


КАБУЛ: Оңтүстік Кореяның 23 азаматын, оның ішінде кемінде 15 әйелді тұтқынға алған тәліптер өздерінің қойған шартын орындауға тағы 1 тәулік уақыт берді. Олар өздерінің тұтқында отырған үзеңгілестері босатылмаса және Ауғанстаннан Оңтүстік Кореяның әскері шығарылмаса, әлгі кәрістерді өлтіреміз деген шарт қойды. Жергілікті ақсақалдар тәліптермен келіссөз жүргізу үстінде. Ауған армиясы мен НАТО әскері әлгі тұтқындар отырған ауданды қоршауға алып, босату операциясын бастауға әзір тұр. Кабулда Оңтүстік Кореяның делегациясы ауған президенті Х.Қарзаймен осы проблеманы талқылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG