Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстардан кемінде 17 адам қаза тапты


Бүгін Бағдадта орын алған бірнеше жарылыстан кемінде 17 адам құрбан болды. Сонымен қатар, Бақуба қаласында Ирақтағы “Әл-Қаида” лаңкесттік ұйымына қатысы бар 18 қарулы адам оққа ұшты. Ирақ пен АҚШ күштері жүргізген ол операцияда сондай-ақ 62 соғысушы қамауға алынды. Ал сенбі күні Бағдадта болған жарылыстан 1 АҚШ сарбазы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG