Accessibility links

Түркия премьер-министрі елде реформаларды жүзеге асырамыз деп уәде етті


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған реформаларды одан әрі жалғастырып, өз елін қазіргі замандағы демократияға айналдыруға сөз берді. Бұл туралы ол жексенбі күнгі парламенттік сайлауларда биліктегі Әділет және даму партиясы жеңіске жеткен соң хабарлады. Өз қолдаушыларының алдында сөйлеген сөзінде Түркия премьер-министрі “сайлаулардан кейін бірлік пен демократия және республика мықтырақ болды” деп мәлімдеді. Ердоған, сондай-ақ, Түркия Европа Одағына мүше болуына ұмтылысын одан әрі жалғастырады деді.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG