Accessibility links

Пәкістанның солтүстік-батысында ислам экстремистері белсенді қимылға көшті


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның ауған шекарасына жақын солтүстік-батысында кем дегенде 20 ислам экстремисінің көзі жойылды. Пәкістан армиясының басшылығы хабарлағандай, экстремистер армияның Солтүстік Вазиристан провинциясындағы күзет постарына тасадан шабуыл жасаған. Үкімет армиясы Исламабадтың орталығындағы “Қызыл мешіттен” шыққан бүлікті күштеп басып-жаншуынан кейін, Пәкістанның қиырдағы осы провинциясында ислам экстремистері белсенді іс-қимылға көшті. “Қызыл мешіттегі” қақтығыста 80-нен астам адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG