Accessibility links

Ливанның экс-премьерін өлтірген қылмыстық іс бойынша арнайы сот Голландияда өтуі мүмкін


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ Нидерландыдан Ливанның экс-премьер-министрі Рафик Әл-Харириді қастандықпен өлтірген қылмыстық істі қарайтын арнайы сотқа орын тауып беруін өтінді. БҰҰ-ының Бас хатшысы Бан Ки-Мун Голландия үкіметіне осындай арнайы хат жолдады. Ол туралы Бас хатшының өкілі Мария Окабэ хабарлады. Р.Әл-Харири мен тағы 22 адам 2005-інші жылдың ақпанында Бейрут қаласында болған зор жарылыстан құрбан болды. БҰҰ-ның арнайы комиссиясы бұл қылмысқа Сирия мен Ливанның барлау қызметтерінің қатысы болғанын әшкереледі.
XS
SM
MD
LG