Accessibility links

Грузия да, Абхазия да Бонн қаласындағы келісімді орындауға тиіс


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ның Бас хатшысы Бан Ки-Мун Грузия мен одан бөлініп шыққан Абхазияны қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты жетілдіру үшін “нақты шараларды іске асыруға” шақырды. Бұл үндеуін Бас хатшы кеше БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде естіртті. Бан Ки-Мун нұсқап көрсеткендей, маусым айында Германияның Бонн қаласында Грузияға дос мемлекеттер ұйымдастырған кездесудің барысында қол жеткен келісімді 2 жақта орындауға тиіс. Абхазия – шамамен 250 мың грузинді босып кетуге мәжбүр еткен 1992-93-інші жылдардағы қантөгістен кейін Грузиядан бөлінді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG