Accessibility links

Х.Клинтон мен Б.Обама жас сайлаушылармен интернет-конференция өткізді


ВАШИНГТОН: АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан үміткер болып түсуге таласқан 2 саясаткер интернет арқылы жас сайлаушылардың сауалдарына жауап қайтарды. “Ю-Тьюб” сайтына шыққан 3 мың сауалға Демократиялық партиядан сайлауға түсуге негізгі үміткерлер болып табылатын сенаторлар Хиллари Клинтон мен Барак Обама жауап берді. Интернет-конференцияның бас демеушісі Си-Эн-Эн телекомпаниясы болды. Алдағы қыркүйек айында Республикалық партияның үміткерлері арасында да дәл осындай пікірсайыс өтуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG