Accessibility links

Талибандарға қарсы белсенділер оңтүстік кореялықтарды босатуға шақыруда


Бүгін бір мыңдай ауғандық талибандардың 23 оңтүстік кореялықты тұтқынға алғанына наразылық танытып, Қандағар көшелеріне шықты. Онда тәліптерге қарсы ұрандар айтылып, шерушілер христиандық көмек көрсету топтарының көбісі мұсылман емес әйелдер екенін айтуда. Ауған ақсақалдары мен діни өкілдері бүгін тарибан жауынгерлерімен ол тұтқындарды босату жөнінде келіссөз жүргізген. Талибандар Ауғаныстандағы барлық оңтүстік кореялық әскерлер шығарылсын деп талап қойған. Ауған үкіметі талибан сотталғандарын босатсын деген екінші талабын қабылдамай қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG