Accessibility links

Ливиядан келген соң болгариялық медбикелерге президент рахымшылық жасады


Ливияда өмірлік түрмеге жабылған алты болгариялық медбике 8 жыл абақтыда болып, Болгария астанасы Софияға оралды. Оларға бірден Болгария президенті рахымшылық жариялады. Еуро Комиссияның президенті Жозе Мануэл Баррозо, бұл алты медицина қызметкерін босату турасында байланыстарды дамыту келіссөзі шешілді деді. Бес болгариялық медбике мен бір палестиндік дәрігер Ливия балаларына әдейі ВИЧ инфекциясын жұқтырды деген айыппен өлім жазасына кесілген болатын. Кейін ол үкім өмірлік түрме жазасына жеңілдетілген. Кейін Еуро Одақтың араласуымен Болгария оларды еліне қайтартып алды.
XS
SM
MD
LG