Accessibility links

Берлин Ауғанстандағы атқаратын рөлін “ұзақ мерзімді міндеттеме” деп қабылдайды


БЕРЛИН: Кеше неміс канцлері А.Меркель Германияның Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға деген өзінің халықаралық міндеттемесінен бас тартпайтынын тағы да растады. Берлинде БҰҰ-ының Ауғанстандағы арнаулы өкілі Том Коенигспен өткізген келіссөзінен кейін Меркель ханым мәлімдегендей, Германия өзінің Ауғанстандағы атқаратын рөлін “ұзақ мерзімді міндеттеме” деп қабылдайды. Канцлер Ауғанстанда тәліптердің қолында тұтқында отырған неміс азаматын босату үшін қандай шараның атқарылып жатқанын айтпады. Тәліптер Германиядан Ауғанстандағы 3 мыңдық әскерін алып кетуді талап етеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG