Accessibility links

Ирақтағы стратегиясы үшін Дж.Буш өз партиясы ішінен де сын ести бастады


ВАШИНГТОН: Ресми Вашингтон Теһранды Ирақтағы көтеріліске деген көмегін ұлғайтып жатыр деп айыптады. Бірақ, АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Райан Крокер хабарлағандай, Ирақтың қауіпсіздігі бойынша келіссөздің екінші сатысында Иран, негізінен, Ирақтағы қауіпсіздікті нығайтуға келісті. АҚШ президенті Дж.Буш Ирақта “Әл-Қаида” экстремистеріне тойтарыс берілетініне кәміл сенетінін мәлімеді. Дж.Буштың Ирақтағы стратегиясына қарсы тіпті өзінің Республикалық партиясы жағынан да көп сын айтылып жүр. Ал осы кезде Ирақтың шийттер тұратын Әл-Хилла қаласының базарында автобомба жарылып, 26 адам қаза болды, 70 кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG