Accessibility links

Ресей күштері Ингушетияда чешен “қарақшыларының” түгел көздерін жоймақшы


НАЗРАНЬ: Кеше Ресейдің қауіпсіздік күштері Ингушетияда ауқымды іздестіру, тінту операциясын бастады. Бұл шара жергілікті милиция мен ресми билік өкілдеріне қарсы қастандықтардың тым жиілеп кетуіне байланысты іске асырылып жатыр. Осы операцияны басқару үшін кеше Ингушетия астанасы – Назраньға келіп тоқтаған Ресей ішкі істер министрлігінің өкілі Аркадий Еделевтің “Интерфакс” агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, бұл шара Чешенстаннан бас сауғалап келген “қарақшылардың көздерін жоюды” көздейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG