Accessibility links

Иран өзінің ядролық бағдарламасынан ешқашан бас тартпайды


ТЕҺРАН: Иран халықаралық қоғамның қысымына көніп, өзінің ядролық бағдарламасын ешқашан тоқтатпайды. Иран президенті М.Ахмадинеджад осылай деп үзілді-кесілді мәлімдеді. Мемлекеттік теледидардан сөйлеген сөзінде М.Ахмадинеджад БҰҰ-ның келесі кез-келген Қарары Иранның ядролық технологиясын алуына бөгет қоя алмайтынын атап көрсетті. Уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатуды талап еткен Қауіпсіздік Кеңесінің талабын орындамағаны үшін БҰҰ осыған дейін Иранға қарсы жаза қолдану туралы 2 Қарар қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG