Accessibility links

Әзірбайжанда түрмеге жабылған журналистердің қатары 8-ге жетті


БАКУ: Әзірбайжан полициясы “пара беруге мәжбүрледі” деген айыппен оппозициялық газеттің редакторын тұтқынға алды. Прокуратураның мәлімдеуінше, оппозициялық “Біздің жол” газетінің экономика бойынша редакторы Мушфуг Хусеинов әшкере материалды жарияламас үшін үкімет өкілінен 3,5 мың доллар пара алған сәтінде ұсталды. “Біздің жол”-дың Бас редакторы Бахатдин Хазиевтің айтуынша, М.Хусеинов Еңбек және халықты әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі туралы талай әшкере мақала жариялады. Өзінің кәсіби қызметіне байланысты айыптармен Әзірбайжан түрмелерінде М.Хусеиновпен бірге 8 журналист отыр.
XS
SM
MD
LG