Accessibility links

Ауған тәліптері тұтқында отырған оңтүстіккореялық 23 азаматтың бірін өлтірді


КАБУЛ: Ауғанстан полициясы тәліптер өлтіріп кеткен оңтүстіккореялық азаматтың мәйітін тауып алды. Ол – Ауғанстанның Газни облысынан тәліптер ұстап алып кеткен Оңтүстік Кореяның 23 азаматының бірі. Расталмаған бір хабарға қарағанда, кәрістердің 8-і босатылып, Газни облысындағы АҚШ әскеріне берілді. Алайда облыстың әкімі тұтқында отырғандардың бірі де әлі босатылмағанын және тәліптермен арадағы келіссөздің әлі жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сәрсенбі күні тәліптер тағы бірнеше кәрісті өлтіретіндерін ескертті. Тәліптердің қолында 18 әйел мен 5 ер кісі тұтқында отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG