Accessibility links

Мәскеу британ елшісін шақырып алып, Лондонға қоятын талабын естіртті


МӘСКЕУ: Ресми Мәскеу британ баспасөзіндегі қашқын кәсіпкер Б.Березовскийдің өміріне қастандық жасауға дайындық жүріп жатыр деген хабарға Лондоннан түсінік беруін талап етеді. Ол хабарға сәйкес, 21-інші шілде күні британ полициясы “Березовскийге қастандық жасауға әзірленді” деген күдікпен Ресей азаматын ұстап, 2 күннен кейін оны босатты. Бірақ көп ұзамай оны елден қуды. Кеше Ресейдің сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі британ елшісі Энтони Брентонды шақырып алып, оған “Мәскеу әлгі хабарға нақты дәлел келтіруді немесе егер ол хабар газеттің шығарғаны болса, оны ресми түрде теріске шығаруды талап етеді” деп мәлімденді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG