Accessibility links

Ауғанстандағы 2,5 мыңдық Канада әскері басшысыз қала жаздады


КАНДАГАР: Кеше Ауғанстандағы 2,5 мыңдық Канада әскерінің қолбасшысы жанпидашыл-террорист іске асырған шабуылдан аман қалды. Аты-жөні аталмаған бір армия өкілінің Канаданың Радио корпорациясы келтірген сөзіне қарағанда, автокеруеннің ішінде бригада генералы Тим Грант та болған, бірақ не оның өзі, не бірде-бір жауынгер еш жарақат алмаған. Канаданың ұлттық қорғаныс департаменті әлгіндей шабуылдың болғанын растады. Жанпидашыл-террорист өзінің жарылғыш тиілген автокөлігін Кандагар қаласының жолындағы әскери автокеруеннің жанында жарып жіберген.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG