Accessibility links

Тәліптердің тұтқынында отырған оңтүстіккореялық 22 азаматтың барлығы ауру


ВАШИНГТОН: АҚШ пен британ баспасөзінің мәлімдеуінше, Ауғанстандағы тәліптердің қолына түскен оңтүстіккореялық 22 азаматтың ішінен 1 әйелдің сөзі жазылған таспаны қолға түсірді. АҚШ-тың Си-Би-Эс телекомпаниясы хабарлағандай, әлгі әйел көмек сұрап жалбарынып, тұтқында отырғандардың барлығы да дертке шалдыққанын хабарлайды. Би-Би-Си корпорациясы да дәл сондай таспаны алғанын хабарлады. Оның алдында Ауғанстан үкіметі кісі ұрлаушылар тұтқындағы 22 кәріс азаматын босатудың шарты бойынша келіссөзді жұманың ортасына дейін ұзартқанын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG